Галилео кім?
NEW
Описание
Описание - Галилео кім?
Кітапты баспаға әзірлеген «Мазмұндама» қоғамдық қоры
Аударған Баян Хасанова Демут Патриция Бреннан
Галилео кім? Алматы: «Мазмұндама» қоғамдық
қоры, 2022. - 112 бет. ISBN 978-601-7630 -88-1
Галилео Галилей - өз заманында ғылымға орасан зор ықпал еткен италиялық физик, механик, астроном, философ, математик.
Ол аспан денелерін бақылауға арналған телескопты
алғашқылардың бірі болып қолданған және бірқатар көрнекті астрономиялық жаңалықтарды ашқан. Галилей - тәжірибелік физиканың негізін қалаушы. Тәжірибелері арқылы ол Аристотельдің ойбағамдық метафизикасын дәлелді түрде терістеп, классикалық механиканың негізін салды.
Ол көзі тірісінде ғаламның гелиоцентрлік жүйесін
жақтағандықтан, католик шіркеуінің бітіспес дұшпанына
айналған.