Шыңғыс хан т.4

  • Доступность:  На складе
  • Код товара:  9786012175479

5 600.00тг.
   


Описание

Описание - Шыңғыс хан т.4


Атақты жазушы, бірегей тарихшы Мұхтар Мағауиннің «Шыңғыс хан» эпопеясының соңғы, Төртінші кітабын алаш жұртының назарына ұсынып отырмыз. Алғашқы үш кітаптың тікелей жалғасы және өз алдына дербес бітімді еңбек. Бұл, «Еке Моғұл Ұлысы» аталатын тарихи шежіренің Бірінші бөлімі - Шыңғыс хан өмірінің соңғы кезеңіне арналған. Хорезм мемлекетін түпкілікті жаулау, туған жұртқа оралу және Таңғұт жорығы. Шыңғыс ханның кісілік һәм пенделік кейпі, адамзат тарихындағы орны мен түрік халықтары, оның ішінде қазақ тағдырына қатысы. Тауарихтың Екінші бөлімі - Шыңғыс хан орнатып кеткен алып империяның ұлы қағаннан кейінгі қырық жылдық шежіресін тарқатады. Оның ішінде Бату ханның Батыс Қыпшақты қосып алуы, Орыс елін бағындыруы, Орталық Еуропа жорығы жанжақты, әрі терең байыпталған. Сондай-ақ, Құлағу ханның Иран мен Бағдат халифатын жаулауы да елеулі орын алады. Еке Моғұл, империясының құрылымы мен ішкі, сыртқы саясаты, Өкетай қағаннан соңғы аумалы-төкпелі оқиғалар, Сұң-Қытай мемлекетіне қарсы майдан, Мөңке қағаннан кейінгі Азамат соғысы көрініс тапқан. Тұтастай алғанда, төрт кітап өзінің атауына сәйкес, Шыңғыс ханның ғана емес, оның тұсындағы және жалғас замандағы Дала жұртының, ұлы империяның тағдыр-тарихын түгелдей қамтыған. Танымдық мәні ғана емес, ұлттық тағылым, тәрбиесі де аса зор.

Теги: Шыңғыс хан т.4

Нет отзывов об этом товаре.

Написать отзыв
Внимание: HTML не поддерживается! Используйте обычный текст!

Подписка на новости:

Нажимая на кнопку «Подписаться», я даю cогласие на обработку персональных данных.
markerОткрыть карту