Абай. Өлеңдер
Описание - Абай. Өлеңдер
Уақыт ілгерілеген сайын әр қазақ баласы өз халқыныо көпғасырлық тарихы мен тағдырын бүкіл әлем елдерінің ға ламдық жетістіктерімен бірге терең зерттеп, зерделей түсуге тиіс. Сондай халықтық мұралардың қайнар көзі - ғылым мен білімде, өнер мен әдебиетте. Абай өлеңдері - қазақ халқы үшін осындай ғасырлық мұра.
Ал, ғұлама ойшыл, кемеңгер ақын, данышпан ағартушы, жазба әдебиеттің негізін қалаушы, көркем аудармашы, үздік композитор Абай Құнанбайұлы - қазақ тарихындағы және күллі Шығыс елдері кеңістігіндегі Ғаламдық Тұлға.
Арнайы Абай өлеңдеріне арналған бұл кітапқа ғұлама ақын- ның халқына жазып қалдырған ең әуелгі (1909 ж.) жинағынан бастап, күні бүгінге дейін жинақталып келе жатқан таңдамалы өлеңдері енгізіліп отыр. Сондай-ақ, ақын өлеңдерінің мән- мазмұны қазіргі - жаңа ғасырдағы оқырманға да өткір әсер етуін ескердік. Сол мақсатпен көп өлең жолдарын ықшамдап, қысқартып ұсынып отырмыз.
Абайдың өлеңдері - ғасырлық шығармалар. Сондықтан да бұл кітап зерделі, зерек ойлы - әрбір ынталы оқырманға: Қазақстандағы оқушылар мен мектеп және колледж мұғалімде- ріне, жоғары оқу орындарындағы студенттер мен оқытушы- ларға, еліміздегі ғалымдарға, бизнес өкілдеріне, саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлеріне - жалпы, бүкіл қазақ халқына өміріміздің айқын жолын көрсететін таптырмас бағдарлама.
Ендеше, кемеңгер Абай өз халқымен және құрметті оқыр- ман, сіздердің әрқайсыңызбен бірге мәңгілік жасай берсін!
Теги: Абай. Өлеңдер