Алтай (алтын бесік, ата журт) (суперобложка)
TOP
Описание
Описание - Алтай (алтын бесік, ата журт) (суперобложка)
Түркі жұртының «алтын бесігі, ата жұрты» саналатын Алтайдың ғажайып табиғаты жайындағы Әлібек Асқаровтың сафари жанрындағы жолжазбаларымен оқырман бұрыннан таныс. Жазушының бұл кітабы әр жылдары Алтай тауларын аралаған саяхаттарын, бастан кешкен оқиғаларын әңгімелейді. Кітап мазмұны сапар барысында түсірілген фотосуреттермен қоса-қабат өріліп отыратындықтан шығармалардың танымдық әсерін толықтырып, оларды барынша қызықты ете түседі. Мұндағы шығармалар – туған жер табиғаты жайындағы автордың жан толғанысы, оқырманын бей-жай қалдырмайтын, өзіне еліктіріп отыратын шын мәніндегі көркем туындылар. Шығармаларда өңірдің өткен тарихы, ел мен жердің бастан кешкен тағдыры жайында мол мәлімет бар. Количество страниц: 290