Қара жұлдыз

  • Доступность:  На складе
  • Код товара:  9786018049880

2 550.00тг.
   


Описание

Описание - Қара жұлдыз


Қара Жұлдыз ханзаданың қалай ағаруға
 жеткені жайлы таңғажайып хикая

Бұл сюжет Константин Георгиевич Паустовский назарынан тыс қалмас еді. Оның мәні қайғылы да қарапайым. Суреткер (қылқалам шебері ме, сөз шебері ме, әлде сазгер ме – маңызды емес) өзінің ең соңғы шығармасын аяқтап үлгерместен, өмірден өтті. Бәлкім бұл оның ғұмыр бойы айтуға талпынған ең соңғы аққу әні ме екен, біз тағдырдың әділетсіздігіне күйінеміз.
Қайта-қайта суреткердің аманат ретінде қалдырған дүниесіне үңілеміз де, ең соңғы нүктесі қойылмағанына, ең соңы үңірейіп бос жатқанына жанымыз түршігеді. Мезгілсіз ажал құрығына ілінген қаламгердің қисынын келтіре, аяқтай алмай кеткен еңбегін енді оның жасы кіші замандастарының бірі қолға алып, тиянақтауға талпыныс жасапты. Ұлы Жаратушыға тек жақсылар керек, сірә, арғы дүниеде шеберлер мен таланттылар жетіс­пе­й­тін секілді.
Ортамыздан кеткен автор, зұлым тағдыр тәлкегіне қарамастан, бізге үн қатып, тірілермен тірі адамша тілдесті. Мұндай жағдай жиі болмайды, болса да өте сирек, сондықтан оларды шынайы алғыс сезіммен еске аламыз. Мусоргскийдің аяқталмаған шығармаларын толықтырып, тиянақтап, бізге жеткізген Римский-Корсаковты мысал ретінде келтіруге болады. Егер қаласақ, біздің қазақстандық шығармашылық ортадан да осындай риясыздық

Теги: Константин Паустовский

Нет отзывов об этом товаре.

Написать отзыв
Внимание: HTML не поддерживается! Используйте обычный текст!

Подписка на новости:

Нажимая на кнопку «Подписаться», я даю cогласие на обработку персональных данных.
markerОткрыть карту