Логика элемі 2-сынып

TOP
  • Производители  Олке
  • Доступность:  27.000
  • Код товара:  9786012530599

680.00тг.
   


Описание

Описание - Логика элемі 2-сынып


«Логика әлемі» - бастауыш сынып оқушыларына арналған жұмыс дәптері. Баланың шығармашылық шеберлігін бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен танымдық тапсырмалар арқылы баланың интеллектуалды және шығармашылық мүмкіндіктерін қалыптастырып бір жүйеге келтіру қажет.

Берілген құрал бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытуға жағдай жасай отырып, баланы ізденімпаздыққа және өзіне сенімді болуға ұмтылдырады, ақыл-ой деңгейін қалыптастырады. Ұсынылған құралмен жұмыс жасау кезінде баланың бойындағы қорқыныш пен «қате жасап қоямын-ау» деген мазасыз ойлар төмендейді де, сенімділік пен тұрақтылық дамиды.

Логикалық сабақ берудің қажетті формасы (факультатив сабақтары) ретінде мектептің сабақ кестесінен арнайы уақыт бөлінуі керек. 2-4-сыныптардағы сабаққа 45 минут уақыт бөлінеді. 1-сыныпқа қарағанда 2-4-сыныптарда әдіс-тәсілдерді ұйымдастыру жоғары деңгейде болуы қажет. Практикалық өзіндік жұмыстар баланың ойлау қабілетіне, бақылау жұмыстарына, сонымен қатар оның танымдық белсенділігінің артуына бағытталады. Бұл тапсырмаларды орындау барысында ең алдымен, жеткілікті көлем және жүйелілікпен мақсаттылық болуы керек.

Тапсырмалар баға қоюға емес, оқыту мен дамытуға арналған. Сол себепті логикалық тапсырмалар, жеке тұлғаның өзіндік ойлау қабілетін дамыту мен қалыптастыру болып табылады. Яғни, назар аудару, елестету, есте сақтаудың түрлері, сұрыптау, зейінді дамыту және ойша тұжырымдама жасау.

Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір-біріне ұқсамайды. Бұл баланың ой өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмалар қиындайды, көлемі көбейіп, тапсырманы орындау жылдамдығы артады.

Берілген құрал сынып мұғалімдеріне, ұзартылған күн тобының тәрбиешілерін балаларға қосымша білім беретін ұстаздарға, ата-аналарға арналады.

Теги: Логика элемі 2-сынып

Нет отзывов об этом товаре.

Написать отзыв
Внимание: HTML не поддерживается! Используйте обычный текст!

Подписка на новости:

Нажимая на кнопку «Подписаться», я даю cогласие на обработку персональных данных.
markerОткрыть карту